Аймақтар
1 мин оқу 161

ХҚО қызметкерлері де қалыс қалмады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Азаматтарға арналған үкімет&raquo; мемлекеттік корпорациясы&shy;ның елордалық филиалының қызметкерлері Спутник V екпесін ала бастады.</p>

ХҚО қызметкерлері де қалыс қалмады

«Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көр­сетуді қамтамасыз ететін бірың­ғай провайдер. Біздің қыз­мет­керлер әрдайым тәуекел ай­ма­ғында. Өйткені әр маман күн сайын мыңдаған қызмет алушылармен байланыста болады. Ал екпе өзіңізді және бас­қаларды қор­ғауға мүмкіндік береді. Ал­ғаш­қы болып вирусқа қарсы екпе­ні мамандандырылған ХҚО қыз­меткерлері алды», деді фи­лиал директоры Мәди Саданов.

«Азаматтарға арналған үкі­мет» МК» КеАҚ Нұр-Сұлтан қала­сы бойынша филиалының менеджері Айнур Жақанованың айтуынша, вакцинаны алуға тек ХҚО қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар жер кадастры, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, тіркеу басқар­маларының бэк-кеңселері мен  филиалдың әкімшілік-басқару құрамы ниет білдірді. Директор бастаған басшылық құрамы да шетте қалмады.

ХҚКО қызметкерлерін вак­ци­налау үшін қоғамдық ден­саулық сақтау басқарма­сының көшпелі бригада жұмысы ұйым­дастырылды.

Бөлісу:
ХҚО қызметкерлері де қалыс қалмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар