Коронавирус
2 мин оқу 150

Адамзат соғыстан гөрі инфекциядан көп зардап шекті

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жүздесуде Клиникалық және фундаменталды медицина академигі, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эпидемиология кафедрасының және Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің профессоры Сәкен Әміреев коронавируспен ауырып-жазылған тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды.</p>

Адамзат соғыстан гөрі инфекциядан көп зардап шекті

Ғалымның сөзінше, екпе ал­майын­ша адамдардың «иммун­дық әсері» әлсіз болады. Ал ек­пе­ден соң азаматтардың 95%-ын­­да коронавирусқа қарсы тұра ала­тын иммунитет қалыптасады.

«Вакциналар Ресейде немесе Қазақстанда, яғни қай жерде өндірілгеніне қарамастан, жақсы иммундық әсерге ие. Сон­дықтан біздің міндетіміз – ха­лыққа вакциналаудан қо­рық­пау керегін түсіндіру. Себебі бүкіл әлемде ұжымдық им­мунитетті тек вакциналау ар­қылы қалыптастыра аламыз», деді С.Әміреев. Спикер өзі де вакцинаның бірінші ком­­понентін алғанын және оның ешқандай жанама әсерін бай­қамағанын, алайда жұ­байында вакциналаудан кейін жеңіл әлсіздік болғанын айтты. Профессордың пайымынша, әр ағза әртүрлі, сондықтан кейбір жанама әсерлердің пайда болуы қалыпты құбылыс.

«Өкінішке қарай, әлі де вак­ци­наның тиімділігіне сен­бей­тіндер көп. Тарихқа жүгінсек, шешекке қарсы вакцина жасау кезінде де оған қарсы шық­қандар болған. Алайда жаппай вакциналаудың нәтижесінде ғана шешек ауруын жеңу қол­дан келді. Вакциналауға сенім­сіздік таныту жасанды түрде қол­дан жасалып отыр. Біз бұл мә­се­леге өркениетті түрде қа­рауы­мыз керек және адамзат соғыс­қа қарағанда, инфекция­лардан жаппай қырылғанын ұмыт­пағанымыз жөн. Мысалы, біз ту­беркулезді менингитке қар­­сы БЦЖ вакцинасын қол­дана­мыз, ол ағзаны инфекция­ның өзінен емес, аурудың ауыр салдарынан қорғайды. Әзірге бізде вакциналаудан басқа коро­на­вирустан қорғанудың тиім­ді әдісі жоқ», дейді С.Әміреев.

Профессор жүргізіліп жат­қан егу науқанына қарамас­тан, бетперде режімі мен қор­ғану­дың басқа да әдістерін сақ­тауды ұжымдық иммунитет қалыптасқанға дейін жалғас­тыру керек деп есептейді. Со­ны­мен қатар коронавирус­­­пен ауырып-жазылған адамдар вакцина алуды кешіктірмеуі керек. Өйткені олардың анти­денелері вакцина алғаннан кейінгідей күшті болмайды.

«Шындығында, басқа ауру­лармен ауырған адамдарда иммунитет қалыптасады, бірақ коронавирус жағдайында олай емес. КВИ ауруынан кейін жақ­­сы иммунитет қалыптас­пай­ды. Көптеген қазақстан­дық ауыр формасымен ауырды, бұл кли­никалық тұрғыдан дә­лел­­ден­ді. Мұндай адамдар қай­та­­дан жұқтырулары мүм­кін, олар­­дың инфекциядан кейін­гі қор­­ғаныс антиденелері әлсіз ке­ле­ді. Оларда жад жасуша­лары қалып­тасады, бірақ сонымен бірге ан­тиденелер азая­ды. Әзір­ге бү­кі­л­­әлемдік қауым­дас­тық вак­ци­­­наны екі рет енгізу керек деген­­ге тоқтады. Сондық­тан кері тар­тып екпе салдыруды ке­­ше­­уіл­­детудің еш қажеті жоқ», дейді ол.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Адамзат соғыстан гөрі инфекциядан көп зардап шекті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар