Спорт
1 мин оқу 147

Үшінші рет жұдырықтасады

<p style="text-align: justify;">Аралас жекпе-жектен әлемдегі ең беделді ұйым &ndash; UFC кеше әлемнің экс-чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық әйгілі файтер Дастин Порье арасындағы үшінші айқас өтетінін ресми түрде мәлімдеді.</p>

Үшінші рет жұдырықтасады

Екі үздік арасындағы кездесу 10 шілдеде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді деп белгіленген. МакГрегор мен Порье UFC 264 турнирінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасса, аталған жарыстың андеркардында отандасымыз Жалғас Жұмағұлов осы ұйымдағы өзінің үшінші айқасын өткізеді.

Айта кетейік, МакГрегор мен Порье бұған дейін сегізбұрышта екі рет кездесіп, екеуі де бір-бір жекпе-жекте жеңіске жеткен. Алғаш 2014 жылы өткен бәсекеде ирландиялық файтер мерзімінен бұрын жеңіске жетсе, 2021 жылдың қаңтарындағы сайыста Порье қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан еді.

Бөлісу: