Жаңалықтар
1 мин оқу 1,300

Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақ гүлдеді

<p>Маңғыстаудың құмды аймақтарында сирек кездесетін соғды қызғалдағы гүлдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.</p>

Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақ гүлдеді

Қызыл кітапқа енген қызғалдақтардың суретін Ольга Михайлова есімді әлеуметік желі қолданушысы парақшасына жариялап, «Маңғыстауға көктем келді», деп жазды.

Соғды қызғалдағы(Tulip sogdiana) – биікті 10-25 сантиметр болатын көпжылдық өсімдіктің түрі. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 0,7-1,5 сантиметр, қара, қоңыр, қатты, ішкі жағы түкті қабықты болады.

Соғды көктемнің ортасында наурыздан сәуірге қараған уақытта гүлдей бастайды. Қызылқұм, Қарақұм және Маңғыстаудың құмды аймақтарында немесе сирек, сазды, шөлейтті жерлерде өседі.

Соғды қызғалдағы – Қазақстанның қызыл кітабына енген, сирек кездесетін гүл.

Гаухар ҚАПАШ


Бөлісу:
Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақ гүлдеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар