Аймақтар
1 мин оқу 1,200

Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті

<p style="text-align: justify;">15 сәуір күні сағат 15:50-де &laquo;Toyota Land Cruiser&raquo; маркалы автокөлік жүргізушісі Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында велосипедпен ойнап жүрген 15 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған баланы қағып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.</p>

Жол апаты салдарынан денесі көгеріп, терісі сыдырылған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Ол дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілген.

«Аталған факт тіркелді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде, арнайы сараптамалар тағайындалды», деп қосып өтті облыстық полиция департаментінен.

Бөлісу:
Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар