Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
<p style="text-align: justify;">Бүгін, яғни 2021 жылдың 17 сәуір күнгі соңғы мәліметтерге сәйкес, Алматыда коронавирустық инфекцияны тағы 680 адам жұқтырғаны анықталды. Оның 562-сі симптомдық белгілері бар және 118 симптомсыз науқастар, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бір тәулік ішінде ауруханаларға 416 науқас қабылданды, барлық стационардан 506 науқас емделіп шықты.
Барлық инфекциялық стационарларда 3 688 адам емделіп жатса, оның ішінде102 бала бар.
Реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде жалпы – 251 (бос төсек-орын саны – 199) сырқат жатыр.
ӨЖЖ – 26, инвазивті емес ӨЖЖ – 86, High flow-да 93 аппарат жұмыс істейді.
6 239 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 384 науқастың жағдайы жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 855 симптомсыз пациент тіркелген.