Аймақтар
1 мин оқу 190
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
<p style="text-align: justify;">Кеше кешке Петропавлдағы Аяған Шәжімбаев көшесіндегі «Тбилиси» ресторанында өрт шығып, жалын 280 шаршы метрді шарпыды. Ресторан 2 қабатты кірпіштен салынған ғимаратта орналасқан болатын. Өртке негізінен төбедегі құрылыс материалдары оранды.</p>

Облыстың ТЖД өрт сөндіру және апатты құтқару қызметкерлері дер кезінде өртті сөндіріп, оның басқа үйлерге жайылуына жол бермеді. Тоғыз адам эвакуацияланды, бұлардың бәрі де ресторанның қызметкерлері. Өрт сөндіруге ТЖ-ның 15 техникасы мен жеке құрамнан 67 адам қатыстырылды. Абырой болғанда жапа шеккендер мен қаза болғандар болған жоқ. Қазір өрттің шығу себептері мен шығын көлемі анықталуда.
Бөлісу: