Алматылық жүзушілер алдарына жан салмады
<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде жүзуден Қазақстанның ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста еліміздіңк барлық өңірінің өкілдерімен қоса Қырғызстанның да спортшылары бақ сынады.</p>

187 жүзуші сайысқа түскен жарыстың жалпы командалық есебінде Алматы қаласының өрендері алдарына жан салмады. Олар 12 алтын, 10 күміс және 8 қола медальді олжалады. Екінші орында – Ақтөбе облысы. Ақтөбеліктер 10 алтын, 16 күміс және 7 қола жүлдеге қол жеткізді. Үшінші сатыға Түркістан облысы табан тіреді. Оңтүстіктен келген оғыландар 5 алтын, 5 күміс және 5 қоланы қоржынға салды.
Ел біріншілігінде топ жарғандар қатарында Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Аделайда Пцелинцева, Диана Тасжанова, Виталий Худяков, Мария Федотова, Даниэл Қаракөз және тағы басқа танымал спортшылар бар.