Кино
1 мин оқу 530

«Сары мысық» фестивальді ашады

<p style="text-align: justify;">Режиссер Әділхан Ержановтың &laquo;Сары мысық&raquo; көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылдың 20-26 сәуірі аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің шымылдығын ашады.</p>

«Сары мысық» фестивальді ашады

«Short Brothers» (Қазақ­стан), «Қа­зақфильм» және Ari­zona Productions (Фран­ция) компания­ларының қа­ты­суымен «Zerde Films» (Қа­зақстан) компа­ниясы тү­сір­ген «Сары мысық» филь­м­і бұ­рын­ғы қылмыстық өмі­рін бір­жола тастап, өз кинотеатрын салуды арман­дайтын Кермек есімді жігіттің оқи­ғасын баяндайды.

Айта кету керек, фестиваль аясында конкурстық бағдарламада Ә.Ер­жа­новтың қысқа метражды «Бақыт­жа­мал» (2007 ж.) және «Ұл­болсын» (2020 ж.) көркем фильм­­дері көрсетіледі. Биыл фестивальға барлығы 92 картина қатысады.

goEast кинофестивалін 2001 жылы Неміс кино инс­титутының директоры Клау­дия Диллман құр­ды. Фес­тиваль­дың негізгі мін­деттері – Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің мәдени дамуы туралы білім деңгейін арттыру, сонымен қатар әртүрлі кино мек­тептері арасындағы диалогты те­реңдетуге үлес қосу. Фестивальді 2017 жылдан бері Хелен Герритсен бас­қарады.

Бөлісу:
«Сары мысық» фестивальді ашады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар