Жартылай финалда сүрінді
<p style="text-align: justify;">Хорватиядағы Сплит 2 челлендждер турнирінің жұптық бәсекесіне қатыс­қан қазақстандық теннисшілер – Алек­сандр Недовесов пен Андрей Голу­­бев аталған жарыстың финалына шыға алмады.</p>

Қазақстандық жұп ширек финалда чехиялық спортшылар Зденек Колар мен Лукаш Росолмен шеберлік байқасып, 1 сағат 19 минутқа созылған бәсекеде 6:3, 3:6, 10:8 нәтижесімен жартылай финалға жолдама алған еді. Финал жолдамасын Польша өкілдері Шимон Валков пен Ян Зелинскимен сарапқа салған отандастарымыз, өкінішке қарай, қарсыластарына 6:3, 7:6 нәтижесімен екі сетте жол беріп, финалдан құр қалды. Қазақстандық теннисшілер бұған дейін дәл осы жұпты өзге жарыстың финалында жеңген еді. Хорватиядағы байрақты бәсекенің жартылай финалында жерлестерімізді жеңген Ш.Валков пен Я.Зелински турнирде топ жарды.