Аймақтар
1 мин оқу 195

Құрттың ішінен есірткі табылды

<p style="text-align: justify;">Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден, қолдан жасалған құрт ішінен есірткі шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ сілтеме жасап.</p>

Бұл оқиға Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан В. есімді азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі тектес зат анықталды. Алты дана құрттың ішінен дәкеге оралып салынған өзіне тән хош иісі бар шөп тәркіленді.

«Мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстарының нәтижесінде ол салмағы 3,2 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», деді Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

Бөлісу: