Қоғам
1 мин оқу 1,234

Әскери қайраткер Ким Серікбаев дүниеден өтті

<p style="text-align: justify;">Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылым кандидаты Ким Серікбайұлы Серікбаев қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Алматы қаласындағы &laquo;ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі&raquo; қоғамдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Аталған қор қызметкерлерінің мәліметінше, Ким Серікбаев коронавирустан қайтыс болған. 

Ким Серікбайұлы 1934 жылы 14 қаңтарда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көптоғай ауылында дүниеге келген.

1952-1956 жылдары қазіргі ҚазМУ-де, Уфа әскери училищесінде оқыды. 1970 жылы Мәскеудегі әскери академияны бітірген. Өмірінің соңғы жылдарында ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

1956-1966 жылдары Қиыр, Шығыс, Прикарпатье, Мәскеу, Орта Азия әскери округтерінде взвод, рота, батальон командирі, мотоатқыштар полкында штаб бастығы, полк командирі болып қызмет атқарған.

1970-1973 жылдары Мәскеудегі әскери академияда Кубадан, Моңғолиядан келген офицерлерге жалпы тактикадан сабақ берген.

1973-75 жылдары Алматы жоғары әскери командалық училищесінде кафедра бастығы, 1975-1988 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде кафедра бастығы.

1988-91 жылдары Б.Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернаттың бастығы.

1992-1993 жылдары Мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасының кеңесшісі. ҚР Президенті аппараты мен Минстрлігі Кабинеті жанынан құрылған Қорғаныс бөлімінің жетекшісі. 1994-1996 жылдары Минстрлігі Кабинетіжанындағы мемлекеттік аттестация комитетінде арнаулы мәселелер жөніндегі бас сарапшы.

1996-1999 жылдары ҚР Парламентінің Мәжіліс аппаратында қорғаныс және қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесші қызметін атқарған. Әскери қайраткер 180-ге жуық ғылыми еңбектің авторы. 3-дәрежелі «КСРО Қарулы күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Бөлісу: