Аймақтар
1 мин оқу 600

Балық аулаймын деп айыппұл арқалап жүрмеңіз

<p style="text-align: justify;">Уылдырық шашу кезінде заңсыз балық аулауға жол бермеу үшін Шығыс Қазақстанда 16 сәуірден бастап &laquo;Нерест-2021&raquo; жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Балық аулаймын деп айыппұл арқалап жүрмеңіз

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз балық аулап жүрген қаскөйлердің жолын кесу ғана емес, сондай-ақ бұрын жасалған экологиялық қылмыстарды ашуды да көздейді. Биылдың үш айында табиғатты қорғау полицейлері балық ресурстарын сақтау мақсатында 320 рейдтік өткізсе, оның 239-да экологиялық құқық бұзушылық анықталған.

Нәтижесінде 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, 229-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері заңсыз ауланған 6 мың келі балық тәркіленіп, мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтірілгені анықталды. Ал соңғы төрт күн ішінде облыста 66 құқық бұзушылық тіркелді. Заңсыз балық аулаған 64 балықшыға жалпы сомасы 1 млн. 044 551 теңге әкімшілік айыппұлы салынды.

Айта кетерлігі, 18 сәуірде «Омбы-Майқапшағай» тас жолының 914 шақырымында патрульдік полиция ротасының инспекторлары патрульдеу кезінде «Chevrolet» маркалы автокөлігі тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде тиісті рұқсат құжаттары жоқ 6 қап шортан балығы табылған. Жалпы шығын 198 000 теңгені құрады. Бұл факті бойынша Семей қаласының 54 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 339-бабы және 389-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал «Нерест-2021» жедел алдын алу шарасы Шығыс Қазақстан облысының аумағында 30 мамырға дейін жалғасады.

Бөлісу: