Қоғам
1 мин оқу 182

ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар ұшаққа отырғызылмайды

<p style="text-align: justify;">2021 жылдың 19 сәуірінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

2021 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 706 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 690 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, 666 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 289 жолаушы;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 149 жолаушы ұшып келген.

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен болды.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13 қаулысына сәйкес, авиакомпаниялардың басшылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен. ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуге міндетті.

Бөлісу: