Елордада тағы бірнеше вакцина пункттері ашылады
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында халық көп жиналатын орындарда тұрғындарға вакцина салу пункттері ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
«Қалада 100 егу кабинетінде вакциналауға жататын контингенттерді қамту жұмысы жалғасуда, оның ішінде «Mega Silk Way» және «Хан шатыр» сауда-ойын орталықтарында егу пункттері ашылды, сондай-ақ басқа да сауда-ойын орталықтары мен сауда үйлерінде ашу жоспары қаралуда. Қазіргі уақытта адам көп жиналатын жерлерде қосымша егу кабинеттерін ашу бойынша дайындық жұмыстары жүруде. Жақын арада мұндай пункттер «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығы мен «Әбу-Даби Плаза» кешенінде де ашылады», деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингіде.
Спикердің айтуынша, сауда-ойын-сауық орталықтарында да медицина ұйымдары секілді барлық санитариялық-эпидемиялық талаптар сақталады.
«Бұл талаптар – бөлме жиынтығы, жарақтандыру, жылжымалы егу пункттерін аймақтарға бөлу және т.б. Қазіргі уақытта департамент мамандары осы мәселелердің барлығын пысықтап жатыр», деді спикер.