26 сәуірден бастап Түркияға ұшатын рейстер қысқарады
<p style="text-align: justify;">26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды» деп жазылған баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
Вдоемстовның ресми мәліметінде көрсетілгендей, қысқартылған рейстердің кестесі мынадай:
20 сәуірдегі жағдай бойынша екі ел арасынла 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады:
- Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл, 2 рейс
- Нұр-Сұлтан – Анталя, 1 рейс
- Алматы – Ыстанбұл, 7 рейс
- Алматы – Анталя, 5 рейс
- Түркістан – Ыстанбұл, 2 рейс
- Ақтау – Ыстанбұл, 1 рейс
- Шымкент – Ыстанбұл, 2 рейс.
«Рейстер саны бойынша шектеулер эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қолданылады», деп толықтырды баспасөз қызметі.