Футболда ел атауын жейдемен бүркемелейміз бе?

Бүгін редакциямызға Жамбыл облысынан Майдан Орынбаев есімді оқырманымыз хабарласып, футболдан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, КСРО заманында даңқы аспандаған Алматының «Қайрат» клубына айтар базынасы бар екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

Футбол жанкүйері Майдан Орынбаев ішкі біріншіліктегі ойындарын Орталық стадионда өткізетін аталған ұжым футбол алаңының «Батыс» трибунасындағы еліміздің аты жазылған «Қазақстан» атауын клубтың үш жейдесімен жауып тұрғанын ел атауына деген құрметсіздік деп есептейді.
«Атағы дардай «Қайрат» деген футбол клубы өз елімізде Қазақстан деген қасиетті сөзді өшіріп тұр. Олардың бұл әрекеті қалай намысқа тимейді? Әйтпесе сол клубтың басы-қасында жүрген жандардың бәрі қазақ, бірақ бірде-біреуінің намысы жоқ. Стадионның басшылығы, қала берді, «Қайрат» клубының басшысынеге бұл мәселеге назар аудармай отыр?», деп оқырманымыз өз күйінішін жеткізді.
Осы мәселе бойынша «Қайрат» клубына хабарласқанымызда, сауалымызға жауап беретін ресми тұлға былай тұрсын, телефон тұтқасын көтеретін бірде-бір жан табылмады. Әлеуметтік желі арқылы да жолдаған сауалымыз жауапсыз қалды.
Өздерін «Халықтың командасы» деп санайтын және солай айтатын «Қайрат» клубының басшылығы халықтың үніне құлақ асады деп ойлаймыз.