Аймақтар
2 мин оқу 590

БҚО-да ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден беріледі

<p style="text-align: justify;">9 мамырға дейін төлемдерді фашистік лагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындары алады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Орал апталығы&raquo; басылымына сілтеме жасап.</p>

Жергілікті бюджеттен төленетін біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері:

– ҰОС мүгедектері мен қатысушылары – (40 адам)- 1 млн теңге;

– Қоршаудағы Ленинград тұрғындары (3 адам) -120 мың теңге;

– фашистік концлагерлер мен геттолардың кәмелетке толмаған тұтқындары (9 адам) – 120 мың теңге;

– Кеңес әскерінің ерікті жалданушы құрамының адамдары (3 адам)- 120 мың теңге;

– қайтыс болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері (349 адам) – 30 мың теңге;

– ҰОС жылдары тылда жұмыс істеген тұлғалар (марапатталған және марапат алмағандар) (4543 адам) – 30 мың теңге;

– бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары (231 адам) – 60 мың теңге;

-Таулы Қарабақта, Иракта және Тәжік-Ауған учаскесінде ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер (317 адам) – 30 мың теңге.

– ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға: фашистік лагерлердің тұтқындары, қоршаудағы Ленинград тұрғындары, 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде коммуналдық қызметтерді төлеуге ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Осылайша, Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылы облыс бойынша біржолғы әлеуметтік көмек 1 сәуірдегі мәліметтер бойынша, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар санатындағы 5 495 азаматқа жергілікті бюджеттен 211,9 млн теңге сомасында көрсетіледі.

Бөлісу: