Қоғам
1 мин оқу 2,070

Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда Малшылар күні атап өтілуі мүмкін, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қаулы жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген. «Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасына сәйкес, Малшылар күні мерекесін маусымның екінші жексенбісі атап өту көзделген. Құжат биылғы жылғы 5 мамырға дейін талқылауға ұсынылған.

«Қаулы жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқпайды. Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе саяси-құқықтық және өзге де салдарларды болжамайды. Жобаның мақсаты елімізде малшылар күні мерекесін бекіту, сондай-ақ сала жұмыскерлерінің беделін арттыру, салада қол жеткізген жетістіктері үшін оларды көтермелеу болып табылады», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсіндірмесінде.

Бөлісу:
Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар