Аймақтар
1 мин оқу 202

Алматыда банкет залдары мен караоке жұмысына рұқсат берілді

<p style="text-align: justify;">Алматы &laquo;жасыл&raquo; аймаққа өтетін болса, мамыр айында &laquo;Ashyq&raquo; жобасы бойынша караоке мен банкет залдары жұмыс істейді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.</p>

«17 сәуірден бастап Алматы қаласы бойынша жобаға 5 кинотеатр және 1 театр, сондай-ақ QR кодын алу сатысында 6 кинотеатр және 1 театр қосылды. Кинотеатрларды қосудың алғашқы күні-ақ, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 5 келуші анықталды. Егер Алматы «жасыл» аймаққа өтетін болса, мамыр айында «Ashyq» жобасы бойынша караоке мен банкет залдары жұмыс істейді», дейді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Садвакас Байғабулов әрбір кәсіпкерлік субъектісіне болашақта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жеке QR кодтары берілгенін атап өтті.

«Мамыр айында біз караокені, сондай-ақ толымдығы 50% -дан аспайтын банкет залдарын қосу туралы мәселені қарастырамыз», дейді ол

Бөлісу: