Аймақтар
2 мин оқу 260

Қоғамдық көліктегі қордаланған мәселе

<p style="text-align: justify;">Семейде қалаішілік автобустардың кестеге сәйкес жүрмеуіне халық наразылық білдіріп келе жатқаны белгілі. Сондықтан болса керек, жуықта Семей әкімдігі мен &laquo;Semey Bus&raquo; ЖШС өкілдері екі арадағы келісімшартты тоқтататын болды. Ал &laquo;ҚДБ-лизинг&raquo; АҚ кәсіпорынның дефолтын жариялады. Енді қала басшылығы келесі конкурсты өткізіп, жаңа тасымалдаушымен келісімшарт жасасқанға дейін &laquo;Семавтопарк&raquo; ЖШС жұмысқа кіріседі.</p>

Қоғамдық көліктегі қордаланған мәселе

Осы орайда Семей әкімі мен «Семавтопарк» ЖШС өкіл­де­рі «Semey Bus» ЖШС қыз­мет­кер­ле­рімен кездесті.

 – Мен бір жарым жылдан кейін бұрынғы компания сияқты жағ­дайға тап болғанымызды қа­ла­­маймын. Сондықтан жала­қы­ны бір кестеге сәйкес 300-350 мың теңге аралығында төлеу қа­рас­ты­рылады. Жұ­мыс ауырлығына қарай жала­қы қо­сылуы да мүмкін. Кондук­тор­лар­ға келсек, біз олармен де екі айға келісімшартқа қол қоя­мыз. Жа­ла­қы кесте бойынша 150-180 мың теңге аралығында төленуін қарас­­ты­ра­мыз. Барлығын ресми түрде жұ­мыс­қа орналастыра­мыз. Еш алаңсыз жалақы алы­п, өз жұмыстарыңызды атқара бересіздер, – деді «Семав­то­па­рк» ЖШС бас директоры Григорий Пинчук.

Конкурс жарияланғанға дейінгі өтпелі кезеңде «Семав­то­парктің» 75 автобусы іске қосы­лады. Парк басшылығы алғаш­қы күндері кейбір ке­лең­­сіз жағдайлар болуы мүм­кін екендігін де жоққа шығар­мад­ы. Өйткені техникалар ұзақ уақыт жұмыссыз тұрып қал­ған. Дегенмен автопарк басшылығы авто­бустардың барлығы дерлік жолда екенд­ігін мәлімдеді. Автобустардың қоз­­ға­лыс кестесі бұрынғыдай бол­ға­нымен, алдағы уақытта өзге­ріс­тер ен­гізіл­уі мүмкін.

 – Біз тендер өткізгенге дейін көлік басқармасымен және қала­лық бас­шы­лықпен қала тұр­ғындарын тол­ған­­дырған кей­бір мәселелерді қайта қарай­тынымызды айттық. Кей­бір ша­ғын аудандар көлік қа­ты­насымен аз қамтылғанын жақсы түсінеміз. Белгілі бір мөл­шер­де өз ұсыныстарымызды енгі­зе­міз. Бизнес үшін де, қала тұр­ғын­да­ры үшін де бәрі қалыпты әрі ыңғайлы болатындай етіп жасаймыз, – деді Г.Пинчук.

Қала әкімі Нұрымбет Сақ­та­ға­нов­тың айтуынша, «Semey Bus» ЖШС бүгінде заңсыз деп танылды. Барлық есепшоттары бұғатталып тұр. Бұл авто­парктің қызметкерлері ен­ді қайтадан бұрынғы жұмыс орнына ауысып жатыр.

 – Біз «Semey Bus» автопаркіне дейін «Семавтопаркте» жұмыс істе­дік. Алдымен жалақы уақы­тын­да төленді, содан кейін кеші­ктіріле бастады. Сонда екі жыл жұмыс істедім, зейнетақы жар­на­сы әлі төленбеді. Сақтандыруды жа­қын­да ғана төледім. Ауруха­на­ға ба­ру­дың өзі мұң болды. Несие алудан қал­дық. Авто­па­рк банкротқа ұшырады, не істеу керектігін білмейміз. Амал жоқ, бұрынғы жұмыс орнымызға ораламыз. Екі оттың ортасында қалғандай бол­­дық. Қайда барып жұмыс істе десе, сонда барамыз, – дей­ді автобус жүргізушісі Асхат Сарбасов.

Жалпы, «Семавтопарк» өкіл­дері кәсіпорын толық көлем­де пайдалануға дайын еке­нін мәлімдеді. Алайда қала бағыт­та­рында «Семавтопарк» ЖШС автобустарымен қатар, «Semey Bus» автобустары да жұмыс іс­тей­ді. Жасыл автобустарда элек­тронды билеттендіру әлі бар. Сондай-ақ автобус бағытын «Infobus» қосымшасы арқылы көруге болады. Семей әкімдігі электронды билеттеу «Семавтопарк» ЖШС автобустарына да енгізілетіндігін айтып сендірді. Әзірге онда жолақы қолма-қол ақшамен ғана төленеді. Жол жүру бағасы – 80 теңге.

СЕМЕЙ

Бөлісу:
Қоғамдық көліктегі қордаланған мәселе · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар