Аймақтар
1 мин оқу 210

Елордада күн жылына бастайды

<p style="text-align: justify;">Осы аптаның соңына қарай &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктерінің болжамы бойынша елордада күн жылынады деп күтіліп отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> хабарлайды.</p>

Бүгін, яғни 21 сәуірде Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. Батыстан, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 7-9 градусқа дейін төмендейді, күндіз 8-10 градус жылы болады.

Күндіз көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде -5-7 градус, күндіз 5-7 градус жылы болады.

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы бойынша, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 13 градус жылы болады.

Бөлісу:
Елордада күн жылына бастайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар