Ауа райы
1 мин оқу 592

Алдағы апта күн жылынады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталып, ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Сонымен қатар биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжып, ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді.

Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы болуы ықтимал. Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, кейде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың жекелеген өңірлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Бөлісу:
Алдағы апта күн жылынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар