Аймақтар
1 мин оқу 391
Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
<p style="text-align: justify;">Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты алматылықтарға тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, Күннің жылынуының, жауын-шашынның және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 21-22 сәуір күндері қар көшкіні болу қаупі сақталады.
«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды.Тауда абай болыңыздар», делінген ведомствоның хабарламасында.
Бөлісу: