Руханият
1 мин оқу 1,400

Тілеулі батырдың қанжары

<p style="text-align: justify;">Бұл көне жәдігер Қостанай облысы Амангелді ауданындағы, халық батыры Амангелді Иманов атындағы мемориалдық мұражайында тұр. Оны музейге Тілеулі батырдың ұрпағы, соғыс және еңбек ардагері Тайжан Батырбеков қария 1986 жылы өткізіпті.</p>

Тілеулі батырдың қанжары

Мұражай басшысы Сахан Төленовтің айтуынша, айбынды батырдың қанжары XVIII ғасырға тиесілі, жасалуы да ерекше, техникасы – металл, ағаш, құйма болып келеді. Ұзындығы – 45,6 см құрайды. «Тайжан ақсақал – Тілеулі батырдан тарайды. Сондықтан құнды мұра ол кісіге арғы аталарынан мирас болып қалыпты», дейді ол.

Тілеулі Әбдірахманұлы – 1723 жылы Талас өзені және Бұланты-Білеуті, Аңы­ра­­қайда болған жоң­ғар­лар­мен шайқастарда қып­шақ қо­лын бастаған. Ба­тыр туралы заң­ғар жазушы Әбіш Кекіл­байұлы: «Ұзын Қыпшақ Ті­леулі Әбдірахманұлы жоңғар қал­мақтарымен болған шай­қастардан кейінгі бейбіт ке­зеңде де бес қаруын белінен шешпеген. Бұл – сол кездегі батырлардың бәрінің басында болған жайттар. Ол Есетпен бірге жүріп, үнемі елдің мазасын алып, жиі жаугершілікке ұшыратып отырған құба қал­мақтармен, башқұрттармен, но­­ғайлармен, түрікмендермен, орыс-казактарымен шайқасқан. Ба­баларымыздың сол қайсар­лығы, ерлігі арқасында Маң­ғыс­тау түбегі, Жайық бойы мәң­­­гі атақонысымыз болып қал­ды» деп жазыпты.

Бабамыздың ұрпақтары да ата даңқына сай болған. Ба­тырдың кіндігінен тараған бір ұлы, Абылай ханның бедел­ді кеңесшілерінің бірі – Нияз би. Оның зираты елорда ір­ге­сіндегі Тайтөбе ауылында ор­наласқан.Сонымен бірге 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азат­тық көтеріліс көсемдерінің бірі Әбдіғапар Жанбосынұлы да ерен ердің ұрпағы саналады.

Тілеулі бабамыз Ақтөбе қа­ласынан 18 шақырым жердегі Бестамақ деген елді мекендегі Тама Есет батырдың жанына жерленген.

Бөлісу: