Індеттің алдын алмаса, адам өлімінің күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін - Президент
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте коронавирус індеті қайтадан өршіп, эпидемиялық ахуал күрделеніп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
«Бұл ретте, аймақтың ерекшелігін ескеріп, еңбек ұжымдарындағы ахуалға айрықша назар аудару керек. Облыс кәсіпорындарында апта сайын індет ошағы пайда болуда. Облыс әкіміне ірі өндірістік кәсіпорын басшыларымен бірлесіп, індеттің алдын-алу және онымен күрес шараларын уақтылы қабылдауды тапсырамын. Вахталық тәсілмен істейтін жұмысшылардың денсаулығын мұқият қадағалау қажет», дейді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, індеттің жаңа толқыны келгеннен бері жағдайы ауыр және өте ауыр науқастар көбеюде.
«Олардың саны соңғы бір айда екі есеге артты. Ал, емдеу мекемелерінде қажетті дәрі-дәрмек пен құрал жабдықтар әлі де жеткіліксіз екені анықталып отыр. Бұл ахуал адам өлімінің күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін», дейді Президент.