Оқиға
1 мин оқу 224

«Хайлайт» сынында бет қаратпады

<p style="text-align: justify;">Татарстанның астанасы Қазан қаласында әртістік жүзуден өткен әлемдік серияның үшінші кезеңінде Қарағандының жас спортшылары тамаша өнер көрсетіп, үздік нәтиежелерге қол жеткізді.</p>

«Хайлайт» сынында бет қаратпады

Әлемнің 12 елінің үздік командалары қатысқан бұл жарыста құрамында Екатерина Симонова, Елена Крылова, Наргиз Болатова, Ксения Ма­карова, Этери Какутиа және Арина Мясникова бар ұжым «хайлайт» сынында үздік шы­ғып, чемпион атанды. Сондай-ақ дәл осы құрамда олар тех­никалық бағдарлама бойынша қола медальға ие болды.

Еске сала кетсек, «хайлайт» деп аталатын жаңа сын FINA техникалық кон­гре­сінің шешімі бойынша 2017 жылдан бастап әртіс­тік жүзу жарыстарының бағ­дарламасына енгізілген бо­латын. Былайша айтқанда, са­йыс­тың бұл түрін «су акробатикасы» деп те атауға болады.

Сонымен қатар аталған жарыста қарағандылық жұп – Каролина Иванова мен Виктор Друзин дуэті тех­ни­калық бағдарламада қола жүлдені қанағат етті.

Әлемдік деңгейдегі до­дада толайым табысқа қол жеткізген спортшылар – об­лыстық олим­пиадалық ре­зерв­тің мамандан­дырылған жүзу спорт мекте­бінің тәр­­­биеленушілері. Тек ара­­ла-

рындағы Виктор Дру­зин Қа­рағандыдағы Әлия Мол­дағұлова атындағы спорт­­тағы дарынды бала­ларға ар­­нал­ған мектеп-интер­нат-кол­ледж­де оқиды.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
«Хайлайт» сынында бет қаратпады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар