Бокс
1 мин оқу 230

Сербияда сайысқа түседі

<p style="text-align: justify;">Кеше Сербияның астанасы &ndash; Бел&shy;градта бокстан &laquo;Belgrade Winner&raquo; деп аталатын халықаралық турнирдің тұсауы кесілді. Бұл жарыста бірқатар мем&shy;лекеттен келген былғары қолғап шеберлері бақ сынауда.</p>

Сербияда сайысқа түседі

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Дунайдың жағалауына Сәкен Бибосынов (52 кило), Серік Теміржанов (57 кило), Ертуған Зей­нуллинов (63 кило), Абы­лайхан Жүсіпов (69 кило), Василий Левит (91 кило) және Нұрлан Сапарбай (+91 кило) сынды талай дүрмекте ысылған белді боксшыларды апаруды жөн көрді. Олардың алды Олимпия ойындары мен әлем чемпионатында жүлде алса, өзгелері халықаралық турнирлерде атой салды.

Сонымен қатар Сербияда Ермахан Жақ­пеков (75 кило), Нұрқанат Райыс (75 кило) және Нұрбек Оралбай (81 кило) сайысқа түсуде. Олар – осыған дейін жастар буыны ара­­­сындағы көптеген жарыста жасындай жар­­қылдап, ересектер арасындағы елішілік жарыс­­тарда өздерін мойындатқандар.

Бөлісу:
Сербияда сайысқа түседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар