Әлем
1 мин оқу 395

130-ға жуық босқын Жерорта теңізіне батып кетті

<p style="text-align: justify;">Заңсыз босқындарды алып келе жатқан қайық Ливия жағалауында аударылып, 130-ға жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;SOS Mediterranee үкіметтік емес ұйымына сілтеме жасап.</p>

Ұйым мәліметі бойынша, соңғы 48 сағат ішінде Ливия жағалауында апатқа ұшыраған үш қайық туралы хабарлама келген. Олар SOS Mediterranee-ге тиесілі Ocean Viking құтқару кемесінен кемінде он сағаттық жерде екені ескертілген.

«Біз бүгін оқиға орнына келгеннен бері бірде-бір тірі адамды таппадық, дегенмен апат болған жерде ондаған адамның мәйітін көрдік»,  делінген ұйымның хабарламасында.

Құтқару операциясы ауа райының қолайсыздығы салдарынан қиындап кеткен. Іздеу аймағындағы толқындар 6 м-ге жеткен. 

Бөлісу: