Футбол
1 мин оқу 153
Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді
<p style="text-align: justify;">Екі елдің федерациялары арасында жолдастық кездесу өткізу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Матч 4 маусым күні Косово астанасы Приштинадағы «Фадиль Вокри» стадионында өтеді.
Косово құрамасы ФИФА рейтингінде 120-шы орында тұр. 2016 жылдың мамыр айында Косово құрамасы ресми түрде УЕФА мен ФИФА-ның мүшесі болды.
Косово құрамасы біздің құраманың тарихында 69-шы қарсылас. Еуропалық құрамалардың ішінен Косово 40-шы қарсылас болады.
2018 жылдан бастап Косово құрамасын швейцариялық маман Бернар Шалланд жаттықтырып жүр.
Бөлісу: