Коронавирус
1 мин оқу 1,600

Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Гам-Ковид-Вак (Спутник V) вакцинасы мен Qaz-Vac қазақстандық вакцинасы ауруды қоздыра алмайды, өйткені олар жансыз вакциналар. Бұл туралы </span><span class="s2">ҚР ДСМ ҚДСҰО &laquo;Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы&raquo; филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Егер вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін адам КВИ-мен ауырмаса, екінші компонентін 2 аптадан кейін алуға болады.  Гам-Ковид-Вак (Спутник V) вакциналары мен Qaz-Vac қазақстандық вакцинасы ауруды қоздыра алмайды, өйткені олар жансыз вакциналар. Республикада КВИ-ға қарсы егілгендер арасында иммундаудан кейін елеулі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ», деді Манар Смағұл.

Оның айтуынша,  егілгендердің жалпы санының 0,4%-ында қызару, инъекция орнындағы ауырсыну, температураның жоғарылауы, артериялық қысымның қысқа мерзімді жоғарылауы сияқты реакциялар тіркеледі, олар бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді.

Бөлісу:
Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар