Атырауда жолаушылар автобусы аударылды

Атырауда жолаушылар автобусы аударылып, 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Жылыой ауданындағы «Теңіз-Құлсары» жолында «ПАЗ» автобусы мен КамАЗ» көлігінің соқтығысқаны туралы видео тарады. Оқиғаға қатысты полиция департаменті өкілдері түсініктеме берді.
«КамАЗ» көлігі қарсы жолаққа шыып кетіп, 11 жолаушысы бар автобус аударылған. Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Автобус жүргізушісі ауруханада жатыр. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен тергеу жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.