«Bi Global-дың» жоба жетекшісі 53 млн теңге айыппұл төлейді
<p style="text-align: justify;">Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Bi Global» ЖШС жоба жетекшісі Ипбергенов пара бергені үшін, оған 53 млн теңге сомасында айыппұл салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
«Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты үкімімен қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Дүйсенов 4 жылға бас бостандығынан айыру, «Аист-Сервис» ЖШС директоры Сатвалдинов 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, ал «Bi Global» ЖШС жоба жетекшісі Ипбергеновке қатысты 53 млн теңге сомасында айппұл салынды», деді Данияр Бекайдаров.
Данияр Бекайдаровтың айтуынша, Сатвалдиновтың қылмысқа итермелеуімен Дүйсенов 2 млн теңге сомасындағы параны Ипбергеновтан алды деген күдікке ілінді.
Аталған жайттан кейін елордадағы Жеңіл атлетика спорт кешені нысанының өрт-техникалық жағдайын қарау барысында анықталған өрт қауіпсіздігі нормаларының бұзылғанын жасыру фактісі тексерілді.