Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады
<p style="text-align: justify;">Әнші Димаш Құдайберген «Be With Me» атты жаңа бейнебаянының аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Жақында «Be with me» атты жаңа бейнебаяным жарыққа шығады. Жарқын эмоциялардың үйлесімі, драйв және басты кейіпкердің батылдығы ерекше формат болғалы тұр. Жаңа оқиға - Жаңа мен! Премьераны өткізіп алмау үшін менің барлық әлеуметтік желілерімдегі жаңалықтарды қадағалаңыздар», деп жазды Д. Құдайберген Instagram парақшасында.
2 сәуірде барлық цифрлық музыкалық платформаларда Димаш алғаш рет «Dimash Digital Show» онлайн-концертінде орындаған «Be With Me» композициясының студиялық нұсқасы шықты.
Dimashnews сайтының мәліметінше бейнебаянды атақты украиналық клипмейкер Радислав Лукин түсірген.