Жаңалықтар
1 мин оқу 280
Тағы бір әскери тікұшақ апатқа ұшырады
<p style="text-align: justify;">Зимбабведе Актур елді мекені маңында Әскери әуе күштерінің (ӘӘК) тікұшағы апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты және екеуі зардап шекті, деп хабарлайды <a href="https://ru.egemen.kz/">Egemen.kz</a> iHarare порталына сілтеме жасап.</p>

«Тікұшақ тура тұрғын үйдің үстіне құлаған, өкінішке орай апат салдарынан екі ұшқыш және техникалық маман мерт болды», деп жазады басылым.
Тікұшақ оқу-жаттығу жүргізу кезінде апатқа ұшырағаны хабарланады. Оқыс оқиғаның себеп-салдары әзірге белгісіз.
Бөлісу: