Қоғам
6 мин оқу 500

Ашаршылық аранына жұтылған жұрт

Ашаршылық жайлы деректерге терең үңілсек, қазақтың азапты тарихы 1918 жылдан басталатынын байқаймыз. Мысалы, қалың қазақ жайлаған Сыр бойындағы ашаршылық 1917 жылдың соңын ала біліне бастаған. Азамат  соғысының зардабы, қалыптасқан шаруашылық пен басқару жүйесінің тоқырауы, большевиктердің елдің әлеуметтік мәселелерін жете білмегенінің  кесірінен тұтас бір елдің басында осындай кер заман орнады.

Ашаршылық аранына жұтылған жұрт

Қазақты құртқан «Кәріжұт»

Осыдан бес жыл бұрын қызылордалық өлкетанушы Сағат Жүсіптің «Ашаршылық ақиқаты» жинағының бірінші кітабы жарық көрді. Алматыдағы Ұлт­тық кітап­ханада, елордадағы Ұлт­тық музейде таныстырылы­мы өткен жинақтың екіншісі был­­тыр баспа жүзін көрді. Өз бетінше ізденіп, деректер жина­ған автор мұрағаттарда әлі де бұл тақырыпқа қатысты көптеген мәлі­мет қозғаусыз жатқанын айтады.

– Бұл тақырыпқа қызығушы­лығым 90-жылдардың ортасынан басталды. Бірде қазір өмірден өтіп кеткен тарихшы Мәди Ке­реев ақсақалмен сұхбаттастық. Әңгі­ме соңында ақсақал маған бір қол­жазба ұсынды. «Последний поход» деп аталатын «тарихи повесть» авторы Иосиф Гержод екен. Перовск совдепі төрағасы кезінде қазақты қынадай қырған, Сыр өңірі халқының аштыққа ұшы­рауына бірден-бір  себепкер Гержод 1967 жылға дейін тірі болып келіпті. Сол жылдары Киевте тұрып жатқан ол Қызылордаға, Ташкентке келіп, өзі жазған осы «шығарманың» қолжазбасын қалдырған көрінеді, – дейді ол.

Осыдан кейін өлкетанушы түр­лі архивтерді ақтара бастайды. Сонда байқағаны, кеңес зама­нының алғашқы кезеңдері туралы мәліметтердің архивтер­де ашық жатқаны. «Ленин десек – партия дегеніміз, партия десек – Ленин дегеніміз» деп бая­ғы Маяковский айтпақшы, Иосиф Гержодтың есіміне Сыр бойындағы ашаршылық пен індеттің ере жүретініне көзі жет­ті. Жер-жерден түскен дерек­терде адамдардың аштықтан қы­ры­лып қалғаны, кейбірінің апталап көмілмей жатқаны хақында құ­жаттар кездесті.

Біз көбінесе ашаршылық әң­гіме­сін айтқанда, оны 1931-33 жылдармен, 20-жыл­дардың ая­ғын­да жүргізілген кәмпескелеу, зорлап оты­рық­шыландыру мен ұжым­дас­тырумен байланыс­тырамыз. Шын мәнінде, ашар­­шы­лық қазақ даласына больше­виктердің билік басына келуімен басталды.

Өлкетанушы дерегінше, 1919 жылдың 11 наурызында Түр­­кіс­тан Республикасындағы аштықпен күрес комиссиясының  жұмысы туралы хабарламада Перовск уезінде 47 мың, Қаза­лы уезінде 29 мың адамның аштық­тың аранына түскендігі айтыл­ған.

Перовск совдепі осыдан кейін ғана аштық мәселесін шешуге кіріскен сыңай танытады. Ар­найы азық-түлік комиссариаты, аштықпен күресу комитеттері құрылып, Ташкенттегі үкіметке қайта-қайта жеделхат, өтініштер мен қатынастар жазып, қаражат сұрап, байлар мен ауқатты кісі­лерге салықты үстемелей салып, жанталасты. Бірақ большевик­тердің бұл әрекетінің рахатын жергілікті халық емес, уездегі аз­даған еуропалықтар, Перовск қаласында орналасқан №3 Сібір полкының әскерлері, теміржол, пошта, милиция, комиссариат қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері көрді.

Перовск азық-түлік ко­мис­­са­ры Сапожников Тү­ркіс­­­тан өлкесінің Халық комиссар­ларының  азық-түлік бөліміне жазған №3179 хатында былай депті: «В дополнение к пред­ставлению Комиссара продовольствия Перовского уезда от 22 сего июня за №1922 на имя Краевого продовольственного отдела, доношу, что действительно население как города Перовска так и его уезда, за пол­ным истощением продовольственных продуктов, систематически голодает, а потому ходатайствую о разрешении Перовскому продовольственному отделу, хотя бы частичной но самостоятельной заготовки хлеба  для  Перовского  уезда.

Краевому продовольственному отделу

Копия: Сыр-Дарьинскому областному продовольственному отделу 22 июня 1918 г. №1922.

Уездің астық комиссары Чер­вяков Перовск совдепіне жазған ха­тында: «.....видим смертные случаи от голода. В уезде рядом с ними богатые баи и спекулянты, которые имеют хлеб и зарывают таковой, я нахожу это преступлением. Все имеющие­ся крупные запасы должны срочным порядком отобраны у владельцев и переданы в продовольственный  отдел  для  распределения  по  комитетам бедноты. Если же Исполком не примет в данный тяжелый момент никаких мер, то я считаю это преступлением. Поэтому я предлагаю сейчас же послать несколько человек в пределы Джулекской волости и весь имеющийся там хлеб взять на учет. Дальше так жить нельзя. Видим смертные случаи, с другой стороны развиваем спекуля­цию, поощряем  спекулянтов и богачей - это недопустимо...»  деп жазған.

Айтпақшы, Гержодты қазақ­тар «Кәріжұт» деп атаған екен. Ел арасын алашапқын қылған қан­дықолдың Перовскіден өткен пойыз­дардан азық-түлік вагондарын зорлықпен ағытып алып қал­ған кездері де көп болған деседі. Пошта саласындағы қарапайым қыз­меткерден тұтас бір өңірді жусатып-өргізген тиранға айналып шыға келген ол 1919 жыл­дың соңында тұтқындалып, Таш­кентке жөнелтіледі. Әуелгіде ату жазасына кесілгенмен кейін­нен ол 10 жылға ауыстырылып, со­ңынан тіпті сүттен ақ, судан та­за болып ақталып шығады. Ел ашар­­шылық аранына жұтылып жат­қанда сейфін ақша мен ал­тынға толтырған азғын кешегі ғасыр­дың жетпісінші жылдарына дейін жер басып жүріпті.

Тарихқа жалтақтық жүрмейді

Қызылорда облыстық мем­лекет­тік архивінде отырмыз.

21 қор, 7 істе қаладағы аштық зар­даптарын жою жөніндегі комис­сияның  1922 жылдың 16 мамыры мен 31 желтоқсаны ара­­­лығында атқарған жұмыс­тарының есебі тігіліпті. Екі пұттан тары берілгендер тізімінде орыс ұлтының өкілдері көп кездеседі. Перовск уездік-қалалық атқару коми­теті кеңесінің өзге де құжат­тарының кейбірінде жиырмасыншы жылғы аштық пен өзегі талғандар тағдыры туралы деректер бар.

Жалпы, бұл архивте 20-жыл­дардағы аштық туралы мәлімет онша көп емес. Бірақ барының өзін іздеген  ғалымсанаулы. Об­лыста осы кезеңді зерттеген бір де бір тарихшы жоқ.

– Осы жерде айта кетер бір мәселе, бізде аштық ту­ра­­­лы айтсақ, орыс ұлтына, Ре­сей­ге жақпай қаламыз деген бір жалтақтық бар, – дей­ді өл­кетанушы. – Бірақ бұл қа­­сірет ұлттың емес, боль­ше­вик­­тер партиясының қолы­мен жасалған ғой. Қазақ дала­сын­дағы қырғынның құныкері – шовинистік пиғылдағы сол большевиктер. Сондықтан әр нәрсені өз атымен атағанымыз жөн. Мысалы, сол тұста ашық­қан қазақтарға көмек берген өзге ұлт өкілдері де жоқ емес. Жақында қала іргесіндегі Тал­суат ауылының тарихын зертт­едім. 1886 жылы қарашек­пен­ділер қоныстана бастаған ауыл­да кейіннен үлкен колхоз құрылыпты. Төрағасы Алексей Ревин деген орыс азаматы аштықта талай қандасымызды аман алып қалған екен. Оты­зыншы жылдардың соңында жа­зықсыз сотталып, кешегі елуінші жылдардың соңына дейін аман жеткен. Жергілікті әкімдікке осы азаматтың атын есте қалдыру туралы ұсыныс айттық.

Мамандар аштық пен жазық­сыз қудалаудан кейін ұлттың генетикалық қоры өзгеріске ұшы­рағанын айтады. Кейін аласапыранда сырт ауған қандастарымыз қатарға қосылып, көп жоғымыз табылғандай болды.

Ұлт тарихындағы қаралы ке­зең мүлдем айтылмай жатқан жоқ. 1991 жылы 11 қарашада Қа­зақ­стан Республикасы Жоғар­ғы Кеңесінің 1920-30 жылдар­да­ғы ашаршылық және жаппай қуғын-сүргін себеп­терін зерттеу жөніндегі арнайы комиссиясы құрылды. Тарихшылар қо­лындағы аштық туралы бүкіл материалды жинақтаған комиссия бір жыл бойы зерттеу жүргізіп «Қазақстан 1930-жылдары бастан кешкен ашаршылық геноцидтік сипатта болды» деген қорытындыға келді. Бұл тұ­жырым тарихшылар тарапынан ашық айтылып, бүкіл елге жарияланды.

Әлі де мұрағаттарда шаң басып жатқан дерек көп. Енді жас ғалымдар осыған назар аудар­ғаны жөн. Бұл  аштықты есте жоқ ескі замандағы аңызға балап жүрген қазіргі ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру үшін қажет.

ҚЫЗЫЛОРДА

Бөлісу: