Оқиға
1 мин оқу 181
Түркістанда белгісіз біреулер тапа-тал түсте көшеде оқ атқан
<p style="text-align: justify;">Түркістан қаласында белгісіз біреулер тапа-тал түсте көшеде оқ атқан, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, кеше Түркістан қаласы көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқан.
Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық кодекстің 293-бабы - «бұзақылық» бойынша тіркеді.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады.
Оларды ұстауға қатысты шаралар қабылданып жатыр.
«Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда» деп мәлімдеді полиция.
Бөлісу: