Руханият
2 мин оқу 800

Көктемге оралу

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Бір орында байыз тауып отыра алмайтын мына аспанның бұлтын айтам да, осы жылы әдеттегідей емес. Көз жасы таусылғандай. Қарашығы толса да жыламайды. &laquo;Өзім шөлдегем жоқ, жүрегім шөлдеді&raquo;. Жарықтық Есенғали Раушанов көрсе осылай деуші еді-ау. Бірақ... Қара жерде қыңқ етпейді ғой тегі, қара суыққа еті үйренгендей. Бұрынғыдай емес адамдар да бір-біріне салқын. Уақыт асықтырғанымен бүгін-ертең көктем келмейтін шығар. Мүмкін келер, келсе де ақынның мұңлы өлеңі болып қана. Өйткені бұл көктемнің қайғысы ауыр. Одан да біз оны суретшінің сағынышынан іздейікші.</p>

Көктемге оралу

Тауға шығып қайтуға қалай қарайсыз. Ендігі алып шыңдар ақжаулығын шеш­кен болар. Алыстан қарасаңыз бой­жет­кен қарағайлар мен бозбала бұлақтар боз­дөнен бұлттардың бауырына ты­ғы­лып жатқан сыңайлы. Етегіндегі гүл­зар бақ ұйқыдан оянған шығар. Жүрші, кө­ріп қайтайық?!

Көктемнің иісі, көңілдің хошы аңқы­ған көркем картина. Көргіңіз келсе Ұлт­тық музейге барыңыз. Алдыңыздан менмұндалап көктем шығады. Ешкім жоғалмағандай, ештеңе өзгермегендей. Жан дүниеңіз бір балқитыны анық. Қыл­қа­лам шебері Жаңатай Шарденовтің «Тау бөктеріндегі гүлденген бақ» туын­ды­­сы мерейлі мезгілдің мейірімін төгеді. Біз ұмыта бастаған аяулы сәттерге қайта ер­тіп апаратын секілді.

Бұл суреттің құпиясы неде дейсіз ғой? Мұнда бір үлкен сағыныш бар. Суретші Ресейдегі Ленинград кес­кін­де­ме, мүсін және сәулет институтында оқыған. Бірнеше жыл Мәскеуде білімін жетілдіреді. Содан да болар шетте жүргенде оның туған жерге сағынышын сөй­леткен пейзаж топтамалары жазылады. Аңсарға толы асқақ бейнелер сан алуан бояуға ұласады. Сөйтіп шығар­ма­шы­лық жолы бүтіндей сол бағыт­қа бұ­рыл­­ды. Міне, дәл осы жанрдан шебер­дің қол­таңбасы анық байқалды.

Ол өз шығармашылығына импрес­сио­нистік батыл түс ережелерін және қыл­қа­ламнан бөлек, қалақшаны пайдала­нып пас­таны жалпақ етіп жағу техникасын ен­гізді. Автордың асқан шебер техникасы реңк ерекшеліктерінің баламаларын аса сезімталдықпен меңгеруге мүмкіндік бергені сондай, пейзаждары кәдімгідей тыныс алып, хош иіс төгеді. Ауа кенеп беті­мен қалықтап, тіпті табиғат тынысы әрбір фрагменттен сезіледі.

«Тау бөктеріндегі гүлденген бақ» картинасы – шебердің Алматы маңайында салған пейзаждар топтамасының бірі. Сы­зықтарының тазалығы мен бояу­ла­ры­ның өткірлігі жағынан ерекше көз тар­тады. Іле Алатауының шыңында ақ қар әлі де жатыр. Ара-арасында қарайған жерлердің сұлбасы көрінеді. Тау бөктерінде гүлдеген өріктер мен көге­ріп өсіп келе жатқан әртүрлі гүл­дер­дің нәзік шымылдығы шуақты мез­гіл­дің келгенін хабарлап тұрғандай. Оқыр­манды өзіне елітіп алады.

Бұл көктем де адамзаттың алғашқы көктемі сияқты. Үміт артасың, арғы өмі­рің­ді жоспарлайсың, келешекке жарқын көз­қараспен қарайсың. Сонысымен ыстық, көңілге медет. Табиғаттан үйре­не­тін нәрсеміз көп. Картина соны мең­зеп тұрғандай. Жаңа өмірдің бастауы секілді.

Бөлісу:
Көктемге оралу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар