Қоғам
1 мин оқу 300
Алексей Цой QazVac вакцинасын салдырды
<p class="p2" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгіннен бастап Қазақстанда QazVac екпесімен вакциналау басталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып тікелей эфирде отандық вакцина салдырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы вакцинаны алғаннан кейін 30 минут дәрігерлердің бақылауында болды. Ол екінші дозаны 21 күннен кейін, 16 мамырда алады.
Естеріңізге сала кетейік, вакцина Қазақстанның биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында жасалды. Отандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы өңірлерге жөнелтілді.
Бөлісу: