Спорт
1 мин оқу 1,220

Елордалық Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">Бокстан Кельце қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Санжар Ташкенбай 1-орынға ие болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

49 келіде сынға түскен отандасымыз финалдық кездесуде Ресей елінің спортшысы Роберт Бадалянды 4:1 есебімен жеңіп, алтынан алқа тақты.

Байрақты бәсекеге 58 елден 500 ге жуық спортшы қатысты.

Айта кетейік, жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс 4 қола жүлдемен төртінші орынға жайғасты.

Бөлісу:
Елордалық Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар