Аймақтар
1 мин оқу 220
Оралда көпқабатты үйден ер адамның мәйіті табылды
<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, 24 сәуір күні сағат 14:36-да Ә.Молдағұлова көшесіндегі үйдің үшінші қабатынан 1983 жылғы В. есімді ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Мүрдені көршілер тауып алған. Марқұм бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алдын ала мәліметке қарағанда, есірткіні шектен тыс көп қолданған.
Сот-медициналық сараптама тағайындалып, өлімнің себебі анықталып жатыр. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, еуропа пішіндес ер адамның денесі екінші және үшінші қабаттың ортасындағы алаңда жатқан.
Бөлісу: