Мемлекет басшысы «Qazaq Republic» жобасының авторын қабылдады
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы «Qazaq Republic» жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Qazaq Republic» брендінің дамуы, жаңа әзірлемелер мен жобалардың іске асырылуы жайында баяндалды.
Сәкен Жолдас Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық кәсіпкерлердің пандемия жағдайындағы жұмысы, бизнестің түйткілді мәселелерінің шешімі және мемлекеттік құрылымдар тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтты.
Сондай-ақ әңгімелесу барысында қазақстандық заманауи бірегейлікті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Президент еліміздегі креативті индустрияны дамытуға мемлекет ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.