Кино
1 мин оқу 614

Оскар жеңімпаздары марапатталды

<p style="text-align: justify;">Лос-Анджелесте 93-ші &laquo;Оскар&raquo; сыйлығының иегерлері анық&shy;талды. Биыл &laquo;Оскардың&raquo; басты фильмі ретінде Хлоя Чжаоның &laquo;Көшпенділер мекені&raquo; (Nomadland) фильмі таңдалып, бірден үш аталым бойынша (&laquo;Үздік фильм&raquo;, &laquo;Үздік режиссер&raquo;, &laquo;Үздік актриса&raquo;) жүлдеге ие болды.</p>

Оскар жеңімпаздары марапатталды

Ал «Үздік анимациялық фильм» номинациясы бойынша Pixar-дың «Жан» (Soul) мульт­фильмі үздік шықты. Ол сондай-ақ «Үздік музыкасы» үшін де марапатталды.

«Екінші пландағы үздік ак­тер» номинациясының жеңім­пазы «Иуда мен Қара Мессия» фильміндегі рөлі үшін 32 жастағы Даниэль Калууя атанды. Ал 73 жастағы оңтүстіккореялық актриса Юн Ен-Джунға «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» марапаты бұйырды.

«Үздік шетел фильмі» но­ми­нациясын «Оскар» Томас Вин­тер­бергтің «Жаппай ішу» комедиялық-драмалық фильмі жеңіп алды. Ал «Үздік визуалды эффекттер» номинациясы бойынша Кристофер Ноланның «Довод» кинокартинасы марапатталды. «Үздік деректі фильм» жеңімпазы – Netflix Original-дың «Менің сегізаяқты мұғалімім» фильмінің режиссерлері Пиппа Эрлих пен Джеймс Рид болды. Эмиральд Феннелл «Үздік сценарий» сыйлығын «Үміт қызы» дебют фильмі үшін алды.

Сондай-ақ «Үздік қысқа метраж­ды фильм» – Трэвон Фри мен Мартин Десмонд Роу­дың «Екі бейтаныс жан» атан­са, «Манк» туындысының авторлары үздік операторлық жұмыс және көркемдік қойылым номинациясы бойынша «Оскар» жеңіп алды. Ал «Үздік саундтрек» әнші H.E.R.-дің «Иуда және Қара Мессия» фильміндегі Fight for You әні деп танылды.

Айта кетейік, Netflix ірі ағын­дық қызметі номинация саны жағынан алға озып, 16 санатта 35 номинацияға қол жет­кізді. Номинациялар саны бойын­ша екінші орынға Disney ор­талығы шықты. Оның үле­сінде 15 номинация. Пан­демияға бай­ланысты жеңім­паз­дарды жа­риялау салтанатына 170 адам қа­тысты.

Бөлісу:
Оскар жеңімпаздары марапатталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар