Оқиға
1 мин оқу 96

Павлодарда жол апатынан бір жүргізуші зардап шекті

<p style="text-align: justify;">Автокөлік айып тұрағына қойылып, тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="http://xn--avlodarnews-foj.kz/">Рavlodarnews.kz</a>&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 09:11-де С.Торайғыров көшесіндегі 59-шы үйдің жанында «КИА РИО» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі «Мәдениет» сарайы жақтан келе жатып, өзге көлікке жол бермей қойған.

«Салдарынан «Ниссан» автокөлігімен соқтығысқан. «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Жол апатының мән-жайы мен нақты себептері анықталуда.

Бөлісу: