Аймақтар
1 мин оқу 230

Оралда тұрғын үй өртенді

<p style="text-align: justify;">Орал қаласында тұрғын үй өртеніп, 83 жастағы кейуана зардап шекті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Белгілі болғандай, оқиға 27 сәуір күні Желаев кентінде болған. Төтенше жағдайлар департаментіне тұрғын үйдің отқа оранғаны жөнінде хабар сағат 08.44-те Шоссейная көшесі №8 мекенжайынан  түскен.

«Өрттің аумағы 120 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнынан үй иесінің 1937 жылғы анасы жоғары қан қысымымен ауруханаға жеткізілді. Өрт сағат 09.43-те оқшауланып, 10.12-де толықтай ауыздықталды. Оқиға орнына 22 өрт сөндіруші, 6 техника, медициналық апаттар орталығы және Орал қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлері жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Оралда тұрғын үй өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар