Аймақтар
1 мин оқу 200
Өскеменде қоқыс полигонындағы өрт сөндірілді
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 26 сәуірде сағат 12:00 шамасында басталған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Құтқарушылар арнайы техникалармен тәулік бойы жұмыс істеді. Төбе боп үйілген қоқыс пен жел өртті жылдам сөндіруді қиындатқан.
«Бүгін сағат 12.15-те қызыл жалын толықтай сөндірілді. Өртенген аумақтың ауданы 1 гектарды қамтыған», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Оқиға орнына барлығы 40 адам мен 14 техника жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша жалынның шығуына – қасақана өрт қою немесе отты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін.
Бөлісу: