Қоғам
1 мин оқу 1,020

Санжар Тәшкенбай елорда әкімдігінің грантын иеленді

<p style="text-align: justify;">Елорда әкімдігі бокстан жастар арасында әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбайға оқу грантын бөледі. Бұл туралы&nbsp;Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов&nbsp;<a href="https://www.instagram.com/p/COKfLtJnQD1/?igshid=12swiw0meqfiy">Instagram</a>&nbsp;парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Польшада бокстан жастар арасындағы өткен әлем чемпионатында елорда тұрғыны Санжар Ташкенбай бірінші орынға ие болды. Санжар 11-сыныпта оқиды, мектептен кейін өмірін толықтай спортқа арнауды шешті. Санжарға жоғары оқу орнында оқуға грант бөлеміз, ақшалай сыйақы табыстадық. Сонымен қатар жастар арасындағы бокстан әлем чемпионы ай сайын 170 мың теңге көлемінде материалдық көмек алады. Жаттықтырушының еңбегін де атап өттік», деп жазды әкім.

Бөлісу:
Санжар Тәшкенбай елорда әкімдігінің грантын иеленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар