Оқиға
1 мин оқу 123

Олимпиада жолдамасынан қағылды

<p style="text-align: justify;">Семсерлесу спортынан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия іріктеу турнирінде қазақстандық спортшы Ульяна Балаганская жарыстың күміс жүлдесіне ие болды.</p>

Олимпиада жолдамасынан қағылды

Олимпия ойындарының жолдамасы сарапқа салынып жатқан құрлықтық іріктеу додасында У.Балаганская финалда сингапурлық қарсыласы Абдул Рахман Кириядан 15:13 есебімен жеңіліп, Олим­пиада жолдамасынан тыс қалды. Себебі Токио Олимпиадасының жолдамасы тек Азия іріктеу турнирінде жеңімпаз атан­ған спортшыларға ғана беріледі. Осы­лайша, жерлесіміз қолда тұрған алтын жүлдемен бірге, Олимпиада жолдамасынан да қағылды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде барлық спорт түрі бойынша Токио Олимпиадасының 48 жолдамасы бар.

Бөлісу:
Олимпиада жолдамасынан қағылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар