Шетелден келетін жолаушылар ПТР анықтамамен келе бастады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 27 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Өткен тәулікте Қазақстанға Германия, Ұлыбритания, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Украина, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсімен 3 244 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 813 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 735 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 548 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.