Қазақстан БАӘ вакцинасының 1 млн дозасын сатып алды
<p style="text-align: justify;">«СҚ-Фармация» «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ұжымын вакциналау үшін 1 000 000 доза мөлшерінде коронавирустық инфекцияға қарсы Hayat-Vax (SARS-CoV-2 (Vero Cell) вакцинасының партиясын сатып алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.</p>
«Sinopharm» компаниясы вакцинасының бұл партиясы Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына жөнелтілгеннен кейін бірінші кезекте холдинг контингентінің қажеттіліктері үшін пайдаланылатын болады. Содан кейін Hayat-Vax вакциналарының қалған саны халық арасында вакцинация алғысы келетіндер үшін қолданылады. Аталған вакцина келесі кесте бойынша жеткізіледі:
– 2021 жылғы 30 сәуіріне дейін 400 000 доза;
– 2021 жылғы мамыр айында 600 000 доза.
Анықтама: алдын ала толтырылған шприцте немесе құтыда инактивацияланған «Sinopharm» Hayat-Vax (SARS-CoV-2 (Vero Cell) COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинасы, сақтау шарттары +2 - +8 градус. 1 адамға вакцинаның 2 дозасын енгізу ұсынылады, екінші доза бірінші инъекциядан кейін 14 күннен соң жүргізіледі.
Өндірілген аймағы: Gulf Pharmaceutical Industries Julphar, БАӘ.